Ливия шөліндегі Вади Сура ІІ үңгіріндегі тасқа салынған суреттер 2002 жылы анықталған. Олардың барлығы 8 мыңнан астам жыл бұрын жасалған. Мұндағы көптеген суреттер жануарлардыкі болған соң ғалымдар бұл орынды жануарлар үңгірі деп атаған.
Алайда жануарлардың суреттерінен басқа үңгірдің қабырғаларында қол іздері, соның ішінде өте кішкентай қолдардың іздері бар. Зерттеушелер бұл жаңалыққа қуанып қалды, себебі бұрын балалар қолдарының іздері тек австралиялық жартас суреттерінен ғана табылған болатын, деп жазады epochtimes.ru.