Фабержені жұтқан қарақшы: полиция алты күн күтіп, қымбат әшекейді қайтарып алды

Фото: ChatGPT

АСТАНА. KAZINFORM — Полиция Фаберже әшекейін жұтқан ұрыны алты күн бойы бақылап, ақырында қымбат бұйымның сыртқа шығуын күтті, деп хабарлайды DW.

Жаңа Зеландия полициясы бондианадағы «Сегізаяқ» фильмі мотивімен жасалған коллекциялық Фаберже әшекейін ұрлады деп күдікке ілінген адамды ұстаған.

32 жастағы қарақшы құны шамамен 19 мың доллар тұратын кулонды жұтып қойған. Полицияның айтуынша, әшекейдің «ұрының денесінен медициналық араласусыз, табиғи жолмен шығуына» алты күн кеткен.

Кулонның еш жері бүлінбеген, тіпті бағасы жазылған түпнұсқа жапсырмасы да сол күйі сақталған. Полиция күдіктіні тағы да бақылауда ұстайтынын айтты, себебі «басқа да олжалар» табылуы мүмкін деседі.

Онлайн сипаттамада кулонның «18 караттық алтынан жасалған сәнді қаптамасы, көк сапфирлер және гүл пішінді ақ гауһартас өрнегімен әсем безендірілгені» атап өтілген.

Бұдан бұрын Алматы облысында 9 айлық сәби әшекей бұйымды жұтып қойғанын жазған едік. Алматы облысындағы Іле ауданының дәрігерлері 9 айлық бүлдіршіннің асқазанынан әшекей бұйым алып шықты.