Фабио Ару «Вуэльтаның» жалпы есебі бойынша көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Вуэльта» велокөпкүндігінің 20-шы кезеңі аяқталды, шабандоздар тау бағдарымен 175,8 шақырым қашықтықты жүріп өтті.

Бұл туралы sports.kz жазады.

Кезеңнің үздік нәтижесіне испаниялық спортшы Рубен Плас («Lampre-Merida») қол жеткізді, екінші болып Жозе Гонсалвеш («Caja Rural») келсе, үшінші орынды Италия шабандозы Алессандро де Марки (ВМС) иеленді.

«Астананың» көшбасшысы Фабио Ару 24-ші болып келіп, жалпы есептегі көшбасшылықты қайтарып алды. «Астананың» қалған велошабандоздары келесі тәртіппен келді: Луис Леон Санчес - 38-ші, Микель Ланда - 27-ші, Андрей Зейц - 43-ші, Диего Роса - 44-ші, Дарио Катальдо - 65-ші, Алессандро Ванотти - 146-шы.

«Вуэльта». 20- шы кезең Сан-Лоренсо-де-эль-Эскориал - Серседилья. 175.8 шақырым 1. Рубен Пласа (Испания, «Lampre-Merida») - 4:37:05 2. Жозе Гонсалвеш (Португалия, «Caja Rural») - 1:07 3. Алессандро де Марки (Италия, ВМС) - 1:08 24. Фабио Ару (Италия, «Астана») - 3:38 25. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») 27. Микель Ланда (Испания, «Астана») - 3:48 43. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - 7:37 44. Диего Роса (Италия, «Астана») 65. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») - 18:31 146. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») - 23:02 Жалпы есеп : 1. Фабио Ару (Италия, «Астана») - 83:01:40 2. Хоаким Родригес (Испания, «Катюша») - 1:17 3. Рафал Майка (Польша, «Tinkoff-Saxo») - 1:24 20. Диего Роса (Италия, «Астана») - 43:27 25. Микель Ланда (Испания, «Астана») - 51:30 33. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») - 1:15:05 58. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») - 2:18:30 69. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - 2:31:59 135. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») - 3:53:40.