Фабио Капелло «Қайрат» футбол клубының мерейтойына келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло «Қайрат» футбол клубының 60 жылдығына арналған «Жұлдыздар матчында» Әлем құрамасына жетекшілік ету жөніндегі ұсынысты қабыл алды, деп хабарлайды қазақстандық команданың баспасөз қызметі.

«Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло «Қайрат» клубының аты аңызға айналған футболшылармен өтетін матчында Әлем құрамасын басқаруға келісімін берді», - делінген хабарламада.

Биыл «Қайрат» футбол клубы өзінің 60 жылдығын тойлауда. Осыған орай өткізілетін ең маңызды оқиғалардың бірі Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтетін «Жұлдыздар матчы» болмақ: Әлем құрамасы «Қайраттың» аса танымал болған футболшыларымен кездеседі.

«Қонақтар сапында Әлем кубогін, Чемпиондар Лигасын, құрлықтық кубоктардың, сонымен қатар Әлем және Еуропаның ең үздік футболшылары атағының лауреаттары мен иегерлері болады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.