деп хабарлайды Лента.ру Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.
20 жасар Джордан Блэкшоу (Jordan Blackshaw) мен 22 жасар Перри Сатклифф-Кинанға (Sutcliffe-Keenan) қатысты үкім сейсенбі, 16 тамызда шықты.
Тергеу мәліметтері бойынша, Нортвичте тұратын Блэкшоу 9 тамызда өзінің туған қаласында бүлік жасауға шақырған. Ал Сатклифф-Кинан 10 тамыз күні өзінің Facebook-тегі жеке бетінде Уоррингтон аудандарының бірінде ойран жасауға айдап салып
отырған.
Шығарылған үкімді Чешир графтығының полиция өкілі жария етті. Бұл үкім әлеуметтік желі арқылы да қылмыс жасатуға болатынының айқын дәлелі болса керек. Әлеуметтік желідегі заңсыз әрекеттерге шақыратын кез келген үндеу заңға сай қатаң жазаға тартылатын болады, деп ескертті ол.