«Бүгін АҚШ-та Messenger Kids жаңа қосымшаның таныстырылымын өткіземіз. Қосымша арқылы балалар алыстағы ата-аналарымен видеочатпен байланысып, отбасымен және достарымен хат алмаса алады», - делінген таратылған хабарламада.
Атап өтілгендей, қосымша баланың смартфонына немесе планшетке орнатылады. Ата-ана мессенджерді, ондағы достардың тізімін өз аккаунты арқылы бақылайды. Осылайша, балдырғандар әке-шешесі мақұлдаған адамдармен ғана сөйлесе алады.
Сондай-ақ жаңа қосымшада жарнама мүлдем жоқ.
Қосымшаның мақсатты аудиториясы - Facebook ережесіне сай бұған дейін жеке аккаунтын ашуға тыйым салынып келген - 13 жасқа дейінгі балалар.
Бүгінгі күні қосымша тек АҚШ аумағында ғана қолжетімді.