Қайырымдылық ақша мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуге ниетті жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге гранттар бөлуге жұмсалады.
ЖОО-дан хабарлағандай, Қор көмегінің арқасында алдағы 15 жылда 2,3 мың студентке тегін гранттар берілетін болады.
«Біз Присцилла мен Маркке және олардың қорына көмек үшін және студенттерімізге олардың шығу тегіне немесе материалдық жағдайына қарамастан, халық игілігіне жұмыс таңдау мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз», - деп атап өтті университет президенті Дрю Фауст.
Цукерберг пен оның жұбайы Чан Гарвардта білім алған. Алайда Facebook-тің негізін қалаушы Цукерберг желінің пайда болуымен келген танымалдылықтан кейін оқуын тастап кетті. Чан университетті аяқтады.