Facebook әзірлеушілері қазір жаңа «Қайыр көрсету» түймесін тестілеуден өткізуде. Енді оның көмегімен әр ғаламтор пайдаланушысы әлеуметтік желіде отырып-ақ қайырымдылық көрсету үшін қаражат аудара алады. Тестілеуге 37 серіктес қайырымдылық ұйымдары қатысуда. Facebook-парақшаларда қайырымдылықтан түскен қаражаттар туралы мәліметтер де жарияланатын болады.
05:07, 23 Қараша 2015
Facebook қайырымдылық көрсету функциясын іске қоспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі қайырымдылықты қолдауды ұйғарды. Қазіргі адамдардың әлеуметтік желілерде көп отыратынын ескеріп, қайырымдылыққа да көңіл бөлмекпіз, деп хабарланған компанияның ресми блогында.