Facebook компаниясы билік тарапынан қолданушылар туралы ақпарат сұратуы көбейіп кеткенін хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың жарты жылдығында әлеуметтік желіні пайдаланушылар туралы ақпаратты билік тарапынан сұрату деректері күрт артып кетті. Нақтырақ айтқанда былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көбейіп отыр, деп мәлімдеді Facebook компаниясы. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, олар мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан шараларды мойындап, келіскенімен үкіметтік сұратулар аясы кең болмауы керек деп есептейді. Яғни, үкіметтің жеке ақпараттарды сұрату мақсаты сотқа қатысты болу керек.