Facebook мобильдік WhatsApp мессенджерін сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook мобильдік WhatsApp мессенджерін 19 млрд долларға сатып алды, делінген әлеуметтік желінің хабарламасында. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Келісімшарт 6 қазанда аяқталды. Оның талаптарына сай, WhatsApp-тың қолданыстағы барлық акциялары мен опциондары жабылып, Facebook-тің А сыныбының 177,7 млн акциясына ауыстырылды. WhatsApp акцияларының иелері сонымен бірге 4,59 млрд. доллар көлеміндегі ақшаға ие болды.

Ал, WhatsApp Facebook-тің (қолданысы шектеулі) 45,9 млн акциясына ие болды. WhatsApp-тың атқарушы директры Ян Коум мен оны құрушы және компанияның вице-президенті Брайан Эктон Facebook-тің 37 475 271 акциясын алады. Пакет құны 2,8 млрд доллар. Коум 1,9 млрд доллар көлемінде грант, Эктон - 966,3 млн доллар көлемінде грантты иеленбек.Коум Facebook директорлар кеңесіне кірді.