Америкалықтар ғаламторда өткізетін уақытының 20 пайызы Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне жұмсалады, деп растап отыр әлеуметтік желінің әкімшілігінен. Қыркүйекте әлеуметтік желілерге күн сайын жүгінетін мобильдік пайдаланушылардың саны 27 пайызға өсіп, 894 миллион адамды құраған.
«Алдағы орташа және ұзақ мерзімді болашақта біз Facebook пен Instagram-ның бір-бірімен бәсекелес емес деп санаймыз. Біз бұқаралық ақпарат құралдарының басқа түрлерімен бәсекелестік құрамыз», - деп мәлімдеді компанияның бас операциялық директоры Шерил Сандберг (Sheryl Sandberg). Оның сөздерін Reuters жазды.
Facebook күніне 500 миллионға жуық адамнан құралған аудиторияның 8 миллиард рет видео көретінін тіркеген.