Ол сондай-ақ 600 млн.-ға тарта адам желіге ұялы телефондар арқылы қол жеткізіп отырғанын атап өтті.
Сарапшылардың пікірінше, Facebook желісінің бұлайша ауқымы кеңеюінің басты факторы дамушы елдердің нарыққа шығуы болған. Егер компания өзінің танымалдығын осылай ұстап тұрғысы келсе, бұл бағытта белсендірек қимылдауға тура келеді.
Биржаға шыққан сәтінен бастап, өткен жылғы мамыр айында Facebook акциясының құны бір акция үшін 38 доллардан 22 долларға дейін төмендеді, ол кезде Facebook-тың табысы қысқа мерзімді болады деп болжам жасалған болатын.