Facebook пен Instagram әлеуметтік желіде өткізген уақытты бақылауға көмектеседі
10:32, 02 Тамыз 2018
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қолданушылардың белгілі бір уақыт аралығында қосымшадағы push-хабарламасын өшіруге мүмкіндігі туады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Instagram мен Facebook әлеуметтік желілері қолданушылар уақытын тиімді пайдаланудың жаңа әдістерінің пайда болғаны туралы хабарлады, делінген Instagram-ның баспасөз хабарламасында.
«Бүгін біз Instagram мен Facebook қолданушыларының өз уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа механизмнің іске қосылғанын жариялаймыз. Бұл белсенділікті басқару панелі, күн сайынғы «еске салу», сондай-ақ хабарламалар легін шектеудің жаңа тәсілі», - делінген мәтінде.
Аталып өтілгендей, бұл тетіктер сарапшы-психологтардың қатысуымен, сондай-ақ Instagram мен Facebook зерттеудің негізінде және оларды қолданушылардың пікірлері ескеріліп, жасалған.
Жаңашылдықты кез келген қосымшадағы баптаулар панелінен қосуға болады.