Facebook пен Instagram желілері істемей қалды
21:39, 05 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желі қолданушылары Facebook пен Instagram желілерінің істен шыққанына наразылық білдірді.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі желі қолданушылары парақша пен рилс жаңартылмай, аккаунт ашылмай тұрғанына шағымданып жатыр.
РИА Новости-дің жазуынша, Қызыл теңізде Еуропа, Азия және Африканы байланыстыратын суасты желілері істен шыққан.
«Қызыл теңіздегі жағдайдың күрделілігі 15-тен аса су асты желілерінің төртеуі (Seacom, TGN, AAE-1, EIG) қиылып кеткендіктен трафиктің 25 процентіне тікелей әсерін тигізіп тұр» - делінген хабарламада.
Meta компаниясы мәселені шешуге кіріскенін жеткізді.