Facebook пен Instagram желілерінің жұмысы қалпына келді

АСТАНА. KAZINFORM –  Facebook пен Instagram желілерінің жұмысы қалпына келді.

Фото: pexels.com

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Facebook пен Instagram желілерінің істен шыққанына шағымданып жатқанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар бірнеше елде YouTube, Google, WhatsApp, X, TikTok, Snapchat желілерінен ақау шыққаны анықталды.