Пайдаланушыға футбол жаңалықтарының үздіксіз ағымын қамтамасыз ету үшін Twitter World Cup Timeline сервисін жасап шығарған. Іздеу кезінде "#WorldCup" хэштегін терген кезде хабарламалар тізімінің орнына жаңалықтар блогы ретінде жасалған жеке парақша шығады. Бұл парақша үшін дерек көзі ретінде осындай хэштегпен тек твиттер ғана емес, сонымен бірге, шағын блогтар сервисінің пікірінше, ойыншылар, рефери, журналистер мен стадиондағы көрермендердің қызықты хабарламалары болмақ. Жаңалықтар таспасы пайдаланушының ығына да қарайды. Егер пайдаланушы өзі жанкүйерлік ететін командасы мен оны қызықтыратын матчтарды белгілесе, соған қатысты жаңалықтарды ұсынып отырады.
Ал Facebook болса, «Жанкүйерлер картасы» сервисін іске қосты. Пайдаланушылардың ең танымал деген футболшыларының қайсысының парақшасына жазылғанын негізге алған жобалаушылар оларды интерактивті картаға орналастырған. Соның арқасында қай спортшы қай елде көбірек танымал екенін анықтауға болады. Мәселен, Криштиану Роналду Үндістан мен Солтүстік Америкада танымал болса, Лионель Месси туған Аргентинасында, Бангладешта, Иран мен АҚШ-та танымал. Скандинавияда бәрінен де Уэйн Руниді жақсы қабылдайды, шведтер Месут Озиля үшін, ал финдер Давид Вилью үшін жанкүйер. Ресейде мұндай сүйкті футболистердің үштігіне Роналду, Месси мен Икер Касильяс енген.