Facebook-те мәліметтерді кейіннен қарау үшін сақтап қою қызметі іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі әлеуметтік желінің иесі Facebook компаниясы жаңа «сақтау» қызметін енгізді. Бұл туралы Facebook-тың ресми блогында компанияның әзірлеушілерінің бірі Дэниэль Джамбальво айтты, деп хабарлайды РБК.

Атауынан көрініп тұрғандай, жаңа функция пайдаланушыларға түрлі материалдарды одан әрі қайта қарау үшін сақтап қоюға мүмкіндік береді. Бұл пайдаланушы кейіннен оқи алатын мәтінге сілтеме немесе Facebook-тағы адамдар, компаниялар туралы мәліметтер және топтардың парақшалары болуы мүмкін.

Жаңа функция бірнеше күннен кейін Facebook сайтында, сондай-ақ Google Android және iOS мобильдік қосымшалары арқылы қолжетімді болады.