Facebook-тегі алкоголь туралы жазбалар адамдардың ішімдік туралы көп ойлауына әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Психологтар Facebook парақшаларында түрлі тәжірибе жасап, әлеуметтік желіде алкоголь өнімдері туралы сөздер адам санасына қалай әсер ететінін анықтады. Әсіресе, санаға әсер ететін жарнамалар жасөспірімдерді спирттік ішімдік ішуге «шақырады». Бұл ретте бұл кез келген жазба алкогольдік ішімдігіне қарсы жазылған болса да, деп жазады «Риа Новости» «Mass Communication and Society» журналына сілтеме жасай отырып.

«Адамдардың дені ішімдік туралы жарнама, тіпті жарнамаға қарсы болсын әлеуметтік желідегі парақшада жазылған жазбаларды «лайк» басып, таратуға, бөлісуге, пікір қалдыруға құмар болады. Бұл олардың алкогольдік ішімдікке құмар болуына, сол туралы көп ойлауына әсер етеді», - деп мәлімдеді АҚШ-тың Мичиган штатындағы университет өкілі Салим Алхабаш (Saleem Alhabash).

Зерттеушілердің айтуынша, бүгінде Facebook және басқа да әлеуметтік желілерде алкогольге байланысты көптеген хабарлар жиі кездеседі.