Facebook-тегі логинын өшіруді ұмытып кеткен үй тонаушы қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Миннесота штатындағы Саут-Сент-Пол қаласының тұрғыны Джеймс Вуд үйіне келгенде, ұры тонап кеткенін байқайды.

Компьютерін пайдаланбақ болған Вуд ұрының одан Facebook-қа кіріп, логинін өшіруді ұмытып кеткенін көреді. Сөйтіп тоналушы үйін Nicholas Dub лақап есімді пайдаланған Николас Виг деген белгісіз біреу "тазартып" кеткенін біледі. Вуд ғаламтордағы өз парақшасында Виганың суретін жариялап, таныстарына оның қауіпті екенін ескертіп, күдікті жайында қандай да бір мәлімет білетіндер болса, телефонына хабарласуларын өтінеді. Алайда оған ұрының өзі қоңырау шалған. Көп ойланбай Вуд оны кездесуге шақырады, ол ұрының қылмыс сәтінде ұмыт қалдырып кеткен заттарын қайтармақшы болады. Алайда одан секемденіп, Джеймс полиция қызметкерлерін шақырады. 2009 жылы осыған ұқсас жағдай Пенсильванияда болды. Гауһар жүзікті ұрлаған ер адам қылмыс орнынан ізін суытқан кезде Facebook-тағы парақшасынан шығуды ұмытып кеткен. Ал 2014 жылы наурызда Джорджии университетінің студенті Facebook-ын тексеру мақсатында ғана бөгде біреудің үйіне ұрланып кірген.