Facebook-тің бұрынғы қызметкері компаниядан 4 млн доллар ұрлап, оны сән-салтанатқа жұмсаған

Фото: Барбара Ферлоу-Смайлс/devby.io

Facebook-ты әртараптандыру бойынша бұрынғы маман Барбара Ферлоу-Смайлс әлеуметтік желіден 4 млн-нан астам доллар үрлап, оны Калифорния мен Джорджиядағы сән-салтанатқа жұмсады. Kazinform бұл туралы CNBC-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ прокуратурасынан хабарлағандай, Барбара Ферлоу-Смайлс ақшаны біреудің орнына қойылған жеткізуші тұлғалар, жалған алымдар мен қолма-қол ақшаны қайтарып алуды қамтитын күрделі схема арқылы ұрлады.

Ол сондай-ақ PayPal, Venmo және Cash App есеп жазбаларын Facebook-тың өзіне қолжетімді болған несие карталарымен байланыстырып, компанияға іс жүзінде ұсынылмаған тауарлар мен қызметтер үшін сол арқылы төледі, содан кейін кері қайтарым алған. Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне де жұмсады – әйел шаштараз қызметтері және балабақшадағы оқу ақысын осы карталармен төлеген.

Прокурорлардың айтуынша, Ферлоу-Смайлз төлем жасау үшін қымбаттатылған шоттар құрды, ал жеткізушілер төлемнің бір бөлігін Ферлоу-Смайлзға қайтарған.

Барбара Ферлоу-Смайлзға қатысты сот үкімі 2024 жылдың 19 наурызында шығарылады.