Желілерде жалған ақпараттардың көптеп таралу қауіптеріне байланысты Facebook компаниясы пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізбек.
Марк Цукербергтің айтуына қарағанда, алдағы уақытта пайдаланушылардан ақпарат көздерінің нақтылығы мен ол туралы білетіндігі бойынша сұрау жүргізіледі.
Сондай-ақ ол қазіргі кезде Facebook пайдаланушыларының таспасында жаңалықтар үлесі 5% құрайтындығын, болашақта оның үлесі 4% дейін төмендейтіндігін айтты.