Компанияның ресми блогында мәлімделгендей, қосымшада фотосуреттер альбомдар, геомәліметтер және басқа да параметрлері бойынша бөлінеді. Олар суреттердегі адамдар мен оқиғалар бойынша автоматты түрде топтастырылады. Бұл суреттерді пайдаланушының өзі белгілеп көрсеткен достары ғана көре алады.
Жаңа фотосуреттер қажетті альбоммен автоматты түрде сәйкестендіріледі.
Moments қосымшасын iOS және Android жүйесі бар гаджет иелері пайдалана алады. Сондай-ақ фотосуреттерді түрлі әлеуметтік желілерде таратып, Messenger арқылы жіберуге мүмкіндік бар.
Әзірге бұл қосымша тек АҚШ-та ғана қолжетімді, оны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.