Енді ғарыш аппаратының ұшырылуы 11 қазан күні АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен сағат 18:53-те жүзеге асырылады деп белгіленді. SpaceX компаниясы ұшыру уақытының кейінге қалдырылуын қосымша уақыт керектігімен түсіндірді.
Жер серігін орбитаға жеткізу үшін SpaceX бұған дейін қолданылып, Жерге қайтып оралған Falcon 9 бөлігін қайта пайдалануды жоспарлап отыр.
Falcon 9 орбитаға бірден 10 телекоммуникациялық жер серіктерін жеткізуі тиіс.
Сонымен қатар, компания 9 қазанда Калифорния штатындағы АҚШ Әскери әуе күштерінің Ванденберг бөлімінен тағы бір зымыран ұшыруды көздеп отыр. Falcon 9 орбитаға бірден 10 телекоммуникациялық серіктерді шығаруы тиіс.