«Family Village» саяжай кентіне биыл газ тартыла бастайды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Family Village» саяжай кентіне биыл газ тартыла бастайды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Family Village» саяжай кентіне қашан газ тартылады?», - деп сұрады қала тұрғыны.

Елорда әкімі биыл аталмыш кентке газ тартыла бастайтынын айтты.

«Кенттегі алғашқы көшелер биыл газдандырылады. Ал газ құбырын жердің астымен жүргізу туралы өтінішті орындау қиын. Бізде жер астымен газ құбырын тарту қиын. Сондықтан көп жерден жер бетіндегі құбыр өткізіп жүрміз. Ең бастысы, газ кенттеріңізге әкелінді, енді ішіне тартылады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Әкімдік өкілдерінің қосымша берген мәліметі бойынша, кентке газ тартатын мердігер белгіленген. Қажетті ақша да бөлінген.