Копенгаген университетінің ғалымдары осындай күтпеген жаңалық ашты. Бұл туралы Алаш айнасы газеті жазды.
Зерттеуші Лайн Нибро Петерсеннің Discovery News порталы келтірген сөздеріне қарағанда, жастар мұндай фильмдерді өздерінің өмірлік сұрақтарына жауап табу үшін қарайды. Ғалымның жеке зерттеуі бойынша, әйгілі «Ымырт», «Елестермен сөйлесуші» сияқты сериалдар діннен бейхабар жас ұрпақтың философиялық санасының қалыптасуына ықпал еткен. Вампирлер, өмір мен өлім, екінші өмір, мейірім мен қатыгездік қатынастары туралы көркемдік шешімдер жеткіншектердің этикалық көзқарастарының жетілуіне де септігін тигізеді екен. Петерсеннің айтуынша, сол себепті бүгінгі жастарды имандылыққа баулу үшін құрғақ үгіт-уағыз айту - қателік.