АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдетте көшу кезінде сүтқоректілер Фарер аралдарының жағалауына мейлінше жақындай түседі. Осыны пайдаланған жергілікті тұрғындар қайыққа мініп оларды таяз жерлерге қуып, өлтіріп, одан кейін бөлшектеу үшін жағаға алып шығады.
Олар кит етін тамаққа пайдаланады.
Осындай «дәстүр» салдарынан жаз айларында бірнеше мыңдаған кит өлтіріледі. Тіпті тонналаған ет қоймаларда босқа шіриді, деп жазады The Independent.
Фарер аралдарында киттерді союға заңмен тыйым салынбаған және өзгеше дәстүр болып саналады. Алайда жануарлар құқығын қорғаушылар бұл қатал дәстүрге түбегейлі қарсы болып отыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.