Фархат Сәрсекеев 1984 жылы туған. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген.
Еңбек жолы 2005 жылы банк секторында басталған.
2005-2006 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Шағын және орта бизнесті несиелеу басқармасында 1 және 2-санатты менеджер болып жұмыс істеді.
2008-2009 жылдары – «Демир Банк Қазақстан» АҚ Корпоративтік бизнес департаментінің несие менеджері.
2009-2010 жылдары – «АТФ Банк» АҚ (UniCredit Group) Restructuring and workout бас маманы.
2010-2012 жылдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ активтерді қайта құрылымдау департаментінің бас фронт-менеджері.
2012-2015 жылдары – «Сбербанк» АҚ ЕБ Ұлттық компаниялармен және даму институттарымен жұмыс департаменті директорының орынбасары.
2015-2018 жылдары – «Сбербанк» АҚ ЕБ Қарағанды филиалында Корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары
2018-2019 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Басқарушы директоры
2019-2023 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директоры болды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өткен болатын.