АСТАНА. KAZINFORM - Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Фархат Зейнолла (50 келі) алтын медаль алды.
Отандасымыз финалда Сауд Арабиясынан келген Мохаммед Уалед Алмалкиден басым түсті.
Сондай-ақ ел құрамасынан Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) финалға шықты.
Сондай-ақ, Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (44 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі), Жанайым Маратбек (52 келі) жарыстың қола жүлдесі үшін күреседі.
Құрлықтық дода 10-14 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар бес медаль алды.
Ел құрамасынан Ернұр Батырғали (60 кг) чемпион атанса, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 кг) күміс, Арман Мыса (50 кг), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары) мен Ролан Қайырғали (66 кг) қола жүлдеге ие болған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.