Бұл туралы ҚР Күрес федерациясының баспасөз баянында хабарланды. Ойындардың 1/4 финалында 55 келі салмақ дәрежесінде ол Бангладештен келген Фатиха Уммуль Исламды 12:0 есебімен жеңді, жартылай финалда өзбекстандық Динорохан Мамадибрагимовадан 2:0 есебімен басым түсті. Өкінішке орай, ақтық сында біздің отандасымыз филиппиндік Паулинеуз Лопезке 2:4 есебімен есе жіберіп алды.
Еске сала кетейік, кеше Қытайдағы жасөспірімдер арасындағы 2-ші Азия ойындарында қазақстандық таеквандошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақ дәрежесінде қола медальді олжалады.