Фариза Оңғарсынованың «Мен саған ғашық емес ем...» өлеңдер жинағы жарық көрді

АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Жуырда Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың «Мен саған ғашық емес ем...» өлеңдер жинағы жарық көрді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақынның кезекті жыр кітабы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында, «Қазіргі қазақ поэзиясы» сериясымен шығып отыр.

15 баспа табақ көлеміндегі бұл жинаққа ақынның әр жылдары жазған отты өлеңдері енген. Поэзиялық топтама «Жастық шақ жырлары», «Майраның әндері», «Ақбөбек жырлары», «Мен өмірді сен деуші ем», «Шаңырақ туралы жыр», «Өлген ойлар», «Қыз-тағдыр», «Аққу-тағдыр» бөлімдерінен тұрады. Айта кету керек, ақынның соңғы жылдары жазған өлеңдері де осы кітаптан орын алған.