Оның айтуынша, халықты ынтымақ-бірлікке бастар, қоғамға ой салар жалынды сөздерімен еліміздің дамуына атсалысқан ақын көзі тірі болғанда әлі де болса еліміздің игілігіне қызметін атқарара берер еді, бұдан да үлкен мұрасын қалдырып кетер еді. «Себебі ол қайраты сарқылмайтын, қажымас жан еді», - деп еске алады ақын. «Бүгін барша қазағымыз, ұлттық әдебиетіміз тағы да бір ардағынан айырылды. Қазақтың Фаризасы, әдебиеттің Фаризасы, қазақ поэзиясының жұлдызы Фариза Оңғарсынова дүниеден озды. Фаризадай тұлға ғасырда бір-ақ рет туады. Ұлтының үлкен қайраткері. Фаризаның халқына беретіні, халыққа жасайтын қызметі әлі де мол еді», - дейді ол. Н.Айтұлының сөзіне қарағанда, Фариза Оңғарсынованы 27 күні, дүйсенбіде жұртшылық соңғы сапарға шығарып салады. Айта кетейік, 23 қаңтарда Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова 75-ке қараған шағында дүние салды.
14:07, 24 Қаңтар 2014
Фаризадай тұлға ғасырда бір-ақ рет туады - Н.Айтұлы
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы Халық ақыны Фариза Оңғарсынованың қазасына орай өз көңілін білдірді.