16 минуттық деректі фильмде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмді жеңудегі Қазақстанның қосқан үлесі туралы баяндалады.
Фильмге Брест қамалын қорғаған қазақстандықтардың естелік сұхбаттары мен Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік әрекеттері туралы тарихшылардың пікір-пайымдары енгізілген. Сонымен бірге деректі фильмнен Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың архивтегі сұхбаты, Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен ерлігі туралы естеліктерді көруге болады.