деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануының 70 жылдығы қарсаңында Эстонияда, Еуропаның бірнеше басқа мемлекеттерінде, батыс Украина мен бірқатар посткеңестік республикаларда кеңес жауынгерлеріне тұрғызылған ескерткіштерді бүлдіру орын алуда. Бүгінгі жиынға келген Ұлы Отан соғысының ардагерлері және біздер - «Әділет» партиясы бұл оқиғаны жекелеген адамдар тобы жасаған бұзақылық деп қарауға болмайды деп санаймыз. Бұл жағдайға ел үкіметтері мен бұқаралық ақпарат құралдары бей-жай қарамауларын сұраймыз. Фашизммен күресте қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін құрметтеуге шақырамыз!», - деді «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев.
17:58, 18 Тамыз 2009
Фашизммен күресте қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің ескерткіштерін қорлауға қарсы тұру керек - Мақсұт Нәрікбаев
АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Әділет» партиясы мен Ұлы Отан соғысы Ардагерлер кеңесі баспасөз мәслихатын өткізіп, фашизмге қарсы күресте қаза тапқан кеңес солдаттарының ескерткіштерін қорлауға жол беруге болмайтыны туралы мәселе көтерді,