Вашингтон Университетінің ғалымдары 8877 адамның мағлұматтарын сараптады. Еріктілер соңғы 24 сағатта не тұтынғанын айтты, деп жазды Zee News.
Сондай-ақ зерттеушілер мұндай тағам құрамындағы екі фталат - ди (2-этилгексил) фталат және диизононилфталат қосындысы репродуктивті жүйеге кері әсер тигізеді дейді. Сонымен қатар мамандар бисфенол А іздеді. Оның денсаулыққа зияны аз емес.
Зерттеу көрсеткендей, фастфудты көп пайдаланған адамдарда фталаттар деңгейі мұндай тағамды пайдаланатындардан гөрі 24-40% артық болған. Фталаттар дәнді және ет өнімдерінде болды.