09:17, 16 Маусым 2009
ФАТХ және ХАМАС қозғалыстары барлық саяси тұтқындарды өзара босату туралы келісімге келді
КАИР. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Бір-бірімен қарсыласушы палестиналық ФАТХ және ХАМАС қозғалыстары барлық саяси тұтқындарды өзара босатуға келісті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бұл келісімге Бітімге келу жөніндегі комитеттің жексенбі күні Иордан өзенінің Батыс жағалауында және Газа секторында қатар өткізген отырыстарында қол жеткізілді. 2007 жылдың шілде айында ХАМАС Газа секторын толық өз бақылауына алған болатын. Ал ФАТХ жетекшісі болып табылатын Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббастың бақылауында Батыс жағалау қалып еді. Осыдан кейін ХАМАС-тың күш-қуат құрылымдары Газа секторындағы ФАТХ жақтаушыларын, ал Батыс жағалаудағы Аббасқа қарайтын қауіпсіздік күштері ХАМАС-тың жақтаушыларын тұтқындап келген еді.