Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Фатима қарсыласын иппонмен мерзімінен бұрын жеңді.

Енді 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалына шығу үшін қазақстандық дзюдошы словакиялық Вивьен Вадовицовамен белдеседі.

Еске салайық, мұның алдында Сенегалдың Дакар қаласында өтетін IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек ұстап шығатынын жазған едік.