АСТАНА. KAZINFORM – Пара жеңіл атлеттеріміз «Fazza» әлемдік Гран-при жарысынан 3 медалді қанжығаларына байлады.
Аталған додада қазақстандық спортшылар алғашқы жарыс күнінде 2 күміс, және 1 қола медальға қол жеткізді.
Атап айтсақ, ядро итеруден жерлесіміз Дастан Мукашбеков күміс жүлдегер атанса, 200 мтрге жүгіруден Алия Раева мәре сызығын екінші болып кесіп өтіп, ел қоржынына екінші күмісті сыйлады. Ал қола жүлдені айза лақтырудан Руфат Хабибуллин жеңіп алды.
Әлемдік Гран-при 13 ақпан күні басталған болатын. Ертең, яғни, 15 ақпанда мәресіне жетеді.
Жарысқа 68 мемлекеттен 524 спортшы қатысып жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.