«Бізге белгілі ақпараттар мен фактілерді негізге ала отырып, біз қазіргі кезде осы жантүршігерлік оқиғаны лаңкестік актісі ретінде тергеу жүргізудеміз», - деді ол журналистерге.
Агенттікке екі дереккөз хабарлағандай, тергеушілер атысқа қатысқан Ташфин Маликтің Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» көшбасшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадиге адалдыққа ант бергенін көрсететін айғақтарды тексеруде.
ФББ басшысы Джеймс Коми ведомство атыс ұйымдастырушылардың лаңкестікпен байланысын жоққа шығармайды. Сонымен бірге, оның айтуынша, атыс ұйымдастырушылардың қандайда бір лаңкестік ұйымдар мен желілердің мүшесі екендігін айғақтайтын мәліметтер жоқ. Осы оқиғаға дейін олар бюроның назарына ілінбеген.
Бұдан бұрын атыс ұйымдастырушылардың «Ислам мемлекетімен» қандай да бір байланысы болмағаны хабарланған болатын, ал лаңкестік құрылым Малик және оның күйеуі Саид Ризван Фарук деген адамдардың барын «тіпті білмеген»..
Facebook әлеуметтік желісінің қзыметкері құпия түрде Associated Press агенттігіне Малик лақап атпен шабуыл басталар алдында бірнеше минут бұрын әл-Бағдадиды мақтап, хабарлама жазғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде материал лаңкестікке қарсы заңнама талаптарына сәйкес алынып тасталған.
Өкімет орындарының анықтағанындай, 27 жастағы Малик пәкістандық болған және Сауд Арабиясында өскен. 2014 жылы ол АҚШ-қа неке визасымен көшіп келген. Оның күйеуі, 28 жастағы Фарук Чикагода Пәкістаннан шыққан отбасында дүниеге келген, Калифорнияда өскен. Ол мейрамханада санитарлық инспектор болып жұмыс жасаған. Американдық өкімет орындары виза берер алдында Маликті тексергенде одан күдікті ештеңе байқамаған.
Сан-Бернардинодағы атыс 2 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 11:00-дің шамасында болған. Қылмыскерлер әлеуметтік қамсыздандыру орталығының конференц-залына басып кіріп, бөлмедегі адамдарға оқ жаудырған. Оның салдарынан 14 адам мерт болды, тағы 21-і жараланды.
Фарук пен Малик құқық қорғау органдарымен атыс барысында жойылған. Қылмыс жасалған күні ер адам әуелі осы орталықтағы кешке қатысқан, алайда бірқатар уақыттардан кейін кетіп қалып, жақтасымен бірге қолына қару алып қайтып келген.