Қамауға алу туралы бұйрыққа сәйкес, олар 2017 жылдың тамызынан бастап eBay және Reddit арқылы алаяқтық әрекеттер үшін WWW Club форум парақшасын жүргізген. Сервис заңсыз тауарларды сатып алуға және сатуға немесе хакерлерді жалдауға мүмкіндік берген. Сондай-ақ, сервисте хакерлік және жеке деректерді ұрлау бойынша оқыту курстары қолжетімді болған. 2020 жылдың шілдесіне 170 мың адам тіркелсе, ал 2023 жылдың наурызында 350 мың адам қосылған.
Олардың табысының нақты мөлшері белгісіз, бірақ Майами жағажайының маңындағы Санни аралында кондоминиум сатып алу мүмкіндігі болған. Ал Александр Ходырев 2023 жылы шығарылған Corvette спорттық көлігін 110 мың долларға сатып алған.
Kazinform тілшісі істің мән-жайын білу мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүгінді, алайда ведомство АҚШ тарапынан ресми растауды күтіп отыр.
«Сондықтан Қазақстан азаматының ұсталғанын растай да, жоққа да шығара алмаймыз», - дейді министрлік өкілі.