Федерация Кубогы: Қазақстан Гонконг теннисшілерін мерзімінен бұрын ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Федерация Кубогында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Гонконг құрамасына қарсы матчтың екінші кездесуінде әлемнің 81-ракеткасы Путинцева Кван Яу Нгтың (966) қарсылығын сезінген де жоқ, есеп - 6:1, 6:0. Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл матчта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Матчтың алғашқы кездесуінде Зарина Дияс та жеңіске жеткен болатын.

Қорытынды ойында Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Чонг Э.Вонг/Чжан Лин жұбын сынақтан өткізеді.

Еске сала кетейік, Азия және Океания аймағының І тобы ішіндегі «А» тобында Қазақстан, Гонконг құрамаларынан тыс Қытай және Үндістан командалары бақ сынап жатыр.