Қазақстан намысын алғаш рет қорғап отырған Путинцева Индонезия құрамасының көшбасшысына мүмкіндік бермеді. Ойын 6:2, 6:1 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Осылайша, әзірге Қазақстан 1:0 есебімен Индонезияны ұтып келеді. Келесі кездесу Ярослава Шведова мен Вита Тахер арасында өтпек.
Федерация Кубогының Азия/Мұхит аумағындағы матчтары Астанада 8 ақпанға дейін өтеді. Келесі кезеңге берілер жалғыз жолдамаға 7 мемлекеттің құрамалары таласады. Қазақстан Тайланд пен Индонезия теннисшілерімен кездеспек.
Қазақстан намысын Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева қорғайды.
Федерация Кубогы 40 жылдан бері әйелдер теннисіндегі командалық турнирлердің ең негізгілерінің бірі болып саналады.