Федералды резерв жүйесінің келесі жылғы төрағасы кім болады

Фото: trainy.co/en/blog/Jerome-Powell-biography

АСТАНА.KAZINFORM — Федералды резерв жүйесі Басқарушы кеңесінің төрағасы Джером Пауэлл қызметін аяқтайтынын мәлімдеді, ал АҚШ президенті оның орнын басатын адам іздейді, деп хабарлайды Fox Business.

Пауэллдің Федералды резерв жүйесінің төрағасы ретіндегі мерзімі 2026 жылдың мамыр айында аяқталады, ол бұл органды сегіз жылға жуық басқарды.

— Мен бұл қызметімді қазіргі тұрақты экономикалық жағдайда орнымды басатын адамға тапсырғым келеді. Менің бар қалауым осы, — деді Пауэлл.

Федералды резерв жүйесінің төрағасы сонымен қатар «инфляцияның бақылауда болуын және 2%-дық мөлшерге оралуын қалайтынын» айтты. 

— Мен төрағалық мерзімімнің аяқталуын күтіп отырмын. Әзірге басқадай жаңа ештеңе айта алмаймын, — деді болашағына қатысты сұраққа жауап берген Пауэлл.

Дональд Трамп келесі жылы әлемдегі ең қуатты орталық банктің басшысы етіп кімді тағайындайтынын қарастырып жатқандықтан, кімнің төраға болатыны туралы мәселе барған сайын өзекті болып барады.

Трамп Федералды резерв жүйесінің төрағасы лауазымына екі үміткерді қарастырып жатқанын мәлімдеді: бұрынғы Федералды резерв жүйесінің төрағасы Кевин Уорш және Ұлттық экономикалық кеңес директоры Кевин Хассетт.

— Менің ойымша, бізде екі Кевин бар. Менің ойымша, екі Кевин де керемет. Тағы бірнеше лайықты адам бар, — деді Дональд Трамп.

Трамп The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында сәрсенбіде Ақ үйде Уоршпен кездескенін және әлеуетті үміткерден пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге сенуге бола ма деп сұрағанын растады.

Сұхбатта Трамптан бір жылдан кейін қандай пайыздық мөлшерлемені елестететіні сұралды, ал президент «1% және мүмкін одан да төмен. Бізде әлемдегі ең төменгі мөлшерлеме болуы керек» деп жауап берді, ал төмен мөлшерлемелер ұлттық қарызға қызмет көрсету құнын төмендететінін қоса айтты.

Бұған дейін АҚШ федералды резерв жүйесі ставкасын нөлге дейін төмендеткенін хабарлаған едіік.