Федералды тергеу бюросы фентанил прекурсорларын тәркілеу операциясын жүргізеді

АСТАНА. KAZINFORM — «Box Cutter» операциясының нәтижесінде фентанил прекурсорларын өндірген 22 қытайлық жеке тұлға мен компанияға айып тағылды, деп хабарлайды FOX News.

Фото: sashaingber.substack.com

«Box Cutter» деп аталатын операцияның нәтижесінде «70 миллион америкалықты құртуға жеткілікті фентанил ұнтағы және тағы 270 000 адамды өлтіруге жеткілікті фентанил таблеткалары тәркіленді, — деді АҚШ Орталық тергеу басқармасының директоры Кэш Патель.

Сонымен қатар баспасөз хабарламасында тергеу Огайо штатының Дейтон қаласында басталып, кейін Қытай Халық Республикасына дейін таралғаны айтылған. Онда химиялық компаниялар фентанил, кокаин және героинді араластырып, өндіруге қолданылатын қауіпті прекурсорларды ашық жарнамалап, сатқан.

ФТБ мәліметінше, айып тағылған төрт қытайлық компания: Guangzhou Tengyue Chemical Company, Ltd., Guanghzou Wanjiang Biotechnology Co., Ltd., Hebei Hongjun New Material Technology Co., Ltd. және Hebei Feilaimi Technology Co., Ltd.

Огайо штатының Типп-Сити тұрғыны Эрик Пэйн қытайлық компаниялардан «еріткіштерді» сатып алып, оларды дилерлерге таратқан деп айыпталды. Оның сүйіктісі Аурион Тресеан Рэйфорд осы компанияларға криптовалюта аударған деген болжам бар.

Бұған дейін АҚШ-тың венесуэлалық есірткі картелінің Трен де Арагуа ұйымының 11 мүшесін жойғаны хабарланған болатын.