Федералдық көші-қон қызметі 2016 жылдан бастап төлқұжат беруді тоқтатуды ұсынады

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Ресейдің Федералдық көші-қон қызметі қағаз құжаттан әмбебап электронды картаға көшуді тездетіп, ресейлік азаматтарға 2016 жылдан бастап ішкі төлқұжат беруді тоқтатуды ұсынады. РБК агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы нормативтік актілерді әзірлеу ақпараттары бірыңғай порталында мәлім етілген.

Бірнеше ілкі аймақтарда жеке ақпараты, фотосуреті түзілген электрондық картаны 10 жылға беру 2015 жылдан бастап басталады деп жоспарлануда. Әмбебап электрондық карта алғашқы кезекте таратылатын өңірлер әзірге анықталған жоқ.

Бұдан бұрын қағаз ішкі төлқұжатты тоқтату кезеңі 2025 жылға дейін созылады деп көзделген болатын. 2016 жылдан бастап бұрын берілген төлқұжаттар оларда көрсетілген мерзімге дейін заңды күшін сақтайды, бірақ та жеке басты куәландыратын негізгі куәлік электронды карталар болмақ.

2019 жылға дейін ресейліктер 14 жылға дейін қалауы бойынша электронды карта ала алады. Бұдан кейін олардың және басқа да барлық азаматтардың әмбебап электронды карта алуы міндеттеледі.