Федерер Швейцария - Қазақстан матчының есебін теңестірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Дэвис Кубогы үшін болған матчта өз командасының есебін теңестірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы қазақстандық қарсыласы Михаил Кукушкинді мықтап сүріндірді. Кездесу барысында Федерер өзінің әдеуір басым екендігін байқатты. Ойын қорытындысында күтпеген жағдай болған жоқ - 6:4, 6:4, 6:2.