Федор Емельяненко қазақ спортының қара шаңырағына қонаққа келді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақтың спорт және туризм Академиясында аты аңызға айналған ММА аралас жекпе-жегінің және Самбо мен Дзюдо спорт түрлерінің хас шебері Федор Емельяненко мен ҚР Мәжіліс депутаты, «ALASH PRIDE FC» компаниясының негізін қалаушы Данияр Қасқарауов студенттермен спорттық-патриоттық бағытта кездесу өткізді.

Фото: Ерзат Серғазин / Kazinform

Аталған оқу орыны атап өткендей, академия ректоры Бауыржан Қайратұлы мен проректор Мұхтар Есқалиев бастаған оқу ордасының ұжымы бұл берекелі басқосуды, өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. Кездесу барысында спорт тақырыбында студенттер мен спикерлар арасында өзара сұрақтар қойлып, жауаптар берілді.

Жас спортшы мамандар өз тараптарынан алғыстарын айтып, қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

Академия ректоры «Аңыз Адам» Федор Емельяненко-ға «Құрметті профессор» атағын салтанатты түрде табыс етті.

Фото: Ерзат Серғазин / Kazinform

«Білімділігі мен еңбекқорлығы, өте қарапайымдылығы мен сабырлығы барша жиылған жұртты тамсандырды. Осындай спорттық-патриоттық бағытта кейінгі буын жастарымызбен ауқымды жұмыс жасау керекпіз», - деді өз сөзінде Данияр Алдабергенұлы, ұйымдастырушыларға алғыс айта келе.

Осыған дейін Танымал жекпе-жек шебері Федор Емельяненко Қазақстанға келетінін жазған болатынбыз.

Фото: Ерзат Серғазин / Kazinform
Фото: Ерзат Серғазин / Kazinform