«Федоров блогы» мұнай кен орнында өндіру жұмыстары 2017 жылы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Федоров блогы» қазақстандық мұнай кен орнында өнеркәсіптік өндіру 2017 жылы басталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мәлім етті.

«Федоров блогы» - соңғы бес жылда анықталған перспективасы жоғары кен орны. 2017 жылы біз оны өнеркәсіптік өндіруге енгізбекпіз», - деді ол.

А. Нұрсейітовтің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде 2013 жылдағы қор бойынша есептің алдын ала нұсқасы тапсырылды. «Өткен кезеңге қарағанда көрсеткіштерде біршама айырмашылық бар. Біз оны жақын арада жариялайтын боламыз», - деді ол.