Сот отырысы сағат 15:00-де басталған.
Іске қоғам тарапынан жоғары қызығушылық танытылып отырғанын, сот процесіне қатысушылардың пікірін, сондай-ақ жәбірленуші тараптың өтінішін ескере отырып, сот осы іс бойынша ашық сот отырыстарын онлайн көрсету туралы шешім қабылдады.
– Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube арнасынан көруге болады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жоғарғы соттың Telegram-арнасына жазылып, соттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жаңартылған ақпаратты бақылауға болады.
ҚР Жоғарғы соты республика соттарындағы сот отырыстарын тікелей эфирде көрсету тәжірибесін жалғастырып жатқанын атап өтті.