Суреттерде жартылай жалаңаш қыздар өз денелеріне арабша «Менің денем тек менің өзіме ғана тиесілі. Ол ешкімнің арына тиюге тиісті емес» деген сияқты жазулар жазып шыққан. Бұған қоса кейбір фотосуреттерге қолдарына шылым ұстап түскен. Исламның діни көшбасшысы олардың бірі - 19 жасар Әминаны заңнан тыс деп жариялап, сабау және таспен ұру түрінде жазаға тартуға пәрмен берді.
Қозғалысқа қатысушылар ислам діндарларының ызасына бірінші рет тиіп отырған жоқ. Өткен жылдың желтоқсанының соңында Рафик Харири атындағы ливан халықаралық әуежайында темекі шегуге тыйым салуға наразылық белгісі ретінде Украина азаматшасы киімін шешіп тастаған. Тәртіп бұзушы сол бойда ұсталған болатын.