АҚШ-тың Геологиялық қызметінен хабарлағандай, зілзала ошағы өзбектің Ферғана қаласынан 42 шақырымдай жерде болған. Қираулар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда соңғы рет қуатты зілзала 1966 жылы болған. Бірақ Ташкентте болған ол жер сілкінісі бүгінгіден әлсіздеу болған: оның магнитудасы 5,2 баллды шамалаған. Бірақ дүпму ошағы жер бетіне жақын орналасқандықтан (8-3 шақырымның аралығында) ол апат ауыр салдарға әкелген еді. Сол зілзаланың салдарынан Ташкенттің орталық ауданы жермен-жексен болып, 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалып еді. Қаланы қалпына келтіруге Кеңес Одағының барлық республикалары атсалысып, Ташкент 3,5 жылдың ішінде қайта қалпына келтірілген.